Павлодарда жоғары оқу орны инвесторға жатақхана салуға тапсырыс беріп, кейін оны сатып алудан бас тартқан. Бұған студенттер үйін салу құнының бастапқы бағадан тым қымбаттап кетуі себеп болыпты. Ал өңірде жатақхана тапшы. 700-ден астам студент барар жер таппай жүр. Тараптардың тартысын әріптесім Өзгеріс Қуанар тыңдады. Жатақхана құрылысы 2019 жылы басталған. Алайда, пандемия салдарынан құрылыс материалдары екі есеге қымбаттап кетіпті. Салдарынан кәсіпкерлер шығынға батқан. Сондықтан да, студенттер үйінің бастапқы құны келісім шартта көрсетілген қаржыдан тым жоғары болыпты. Ал университет басшылығы оны сатып алудан бас тартқан. Жұмабек ҚАМЗИН, ИНВЕСТОР: Жобаның бағасы 1 млрд 200 млн. болатын болса, 2022 жылы іске қосқанда бұл екі есе көтеріліп кетті. Біз сол екі есе көтерілген бағамен ұсыныспен шыққан болатынбыз да. Осы сметалардың бәрін байқау керек. Реттеу керек дегенде бұның бәрін жоққа шығарды. Жоқ олай болмайды ескі бағамен аламыз деп. Жатақхана құрылысы былтыр аяқталған. Алайда, жоғары оқу орны оны қабылдаудан бас тартыпты. Ғимарат бір жыл бос тұрған. Тек биыл күзде ғана қолданысқа берілді. Алайда, келісім бойынша олар қаржыны толық төлеуге келісім берген. Кейін ол ойынан айнып, инвесторды сотқа берген. Али ВАКУЛИК, ИНВЕСТОР: Біздің ойымызша, олар сотқа жүгіну арқылы біздің 80 пайыздық үлесімізді тартып алғылары келеді. Яғни, сотқа 30 млн. теңгеге шығындалуы да тегін емес. Сотқа сенгендіктен, бұндай қадамға барып отыр - деп санаймыз. КТМ: Жатақхана 600 орынға арналған. Қазір мұнда студенттер тұрып жатыр. Олар үшін барлық жағдай жасалынған. Ұлжалғас ҚАРСЫБАЙ, СТУДЕНТ: Біз былтыр ескі общагада бір бөлмеде 6 қыз тұрдық. Кроваттың үстінде кровать болды. Яғние, ішінде тар. Жағдай жасалынбаған. Кухнясыда душы да бірге болды. Ал биыл үшінші общагаға көштік. Жағдай жасалынған. Бір комнатада 2 қыз кең әрі жайлы тұрып жатырмыз. Ал жоғары оқу орны инвесторды сотқа берген. Яғни, жатақхана құнының қымбаттауымен келіспейтінін жеткізіпті. Раушан СӘБИТОВА, УНИВЕРСИТТЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Үш жақты келісім шартта университет жатақхана салынғаннан кейін 90 күннен соң, сатып алуға құқылы деп жазылған. Яғни, инвесторлардың 80 пайыз қаражатын төлеп беруіміз керек. Бірақ, келісім шарт соммасын өзгерту деген қарастырылмаған. Сотқа бергенде осы мәселені анықтап алу үшін жүгіндік. Павлодар облысында жатақхана тапшы. 700-ден астам студент барар жер таппай жүр. Ал дауға сот нүкте қоймақ. Әзірге қандай шешім шығары белгісіз.