Павлодарда мердігерге мәрттік танытқан екі шенеунік қызметінен қуылмақ

Павлодарда мердігерге мәрттік танытқан екі шенеунік қызметінен қуылмақ. Аймақтың әдеп жөніндегі кеңесі оларды тәртіптік жазаға тартпақ. Бұған Павлодар және Аққулы аудандарының білім бөлімін басқарған шенділердің мердігерге «кең пейілдік» көрсетуі себеп. Өйткені, мектептердегі күрделі жөндеуді уақытылы аяқтамаған құрылыс компаниясын жауапсыз мердігер ретінде танудың орнына қамқорлық танытқан.Ерқанат ДӘУЛЕТҰЛЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕР АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:  Бөлім тарапынан бітімгершілік туралы келісім жасасу туралы шешім қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсетті. Нәтижесінде келісім шарт мерзімдерінің уақытылы орындамағанына қарамастан, компания жосықсыз жеткізушілер тізіміне енгізілмеді. Бұл уәжбен екі ауданның да бөлім басшылары келіспейді. Олар барлығын заң аясында жасадық деп түсіндірді. Алайда, аймақтың әдеп жөніндегі кеңесі мемлекеттік қызметкерлердің бұл әрекеті заңға қайшы екенін айтып, өз қызметіне лайық емес деген шешім шығарды. Яғни, екі шенеунік 6 ай ішінде қызметінен кетуі керек. Әйтпесе, мәжбүрлі түрде лауазымдары төмендетіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты