Павлодарда 23 жастағы жігіт өз үйінде қыз зорлаған ба?

Павлодарда өз үйінде қыз зорлады деген күдікке ілінген 23 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты. Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бірақ, айыпталушының анасы бұл шешіммен келіспейді. Айтуынша, оның ұлына жала жапқан. Ұлы түнгі клубқа кеткен күні таңертең үйіне бөтен қыздың қонғанын көріпті. Алайда, ұлы анасына мас болғанын, оған тиіспегенін, ұйықтап қалғанын айтқан. Содан анасы қызды үйінен қуып шыққан. Бірақ, қыз полицияға мені зорлады - деп арыз жазыпты.АНАСЫ: Олар таңғы 5-ке дейін клубта көңіл көтеріп, таңғы 6-да үйге келген. Мен оны білгем жоқ. Такси жүргізушісінің айтуынша, ол қыз үйге өз аяғымен кірген. Оны ешкім күштеп әкелмеген. Мен қыздан сұрадым. Сен қалай біздің үйге келдің? - деп. Сонда ол сіздің ұлыңыз мені үйге жеткізіп тастауы керек болған - дейді. Сонда ол өзі үйін білмей ме? Қалай бөтен үйге қонуға болады. Менің ұлым, менің көзімше қыз зорлауы зорлауы мүмкін емес. Мен үйде болдым. Ол ондай әрекетке барған жоқ. Десе де, сот ананың бұл сөздеріне құлақ аспады. Баласын сот залынан қамауға алды. Оның бұрын қылмыс жасамағанын және жақсы мінез құлқын ескеріп, жазаны біршама жеңілдетті. Бұған қоса қызға моралдық шығын ретінде 1 млн. 200 мың теңге төлеуге міндеттеді. Ал анасы соттың шешімімен келіспей, аппелациялық шағым түсірмек. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Әсемқоңыр САЙРАН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-ші бөлігі және 121-бап бойынша кінәлі деп таныды. 120-бап бойынша оған 5 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Ал 121-бап бойынша тағы 5 жыл жаза кесті. Бірақ, Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3 бөлігіне сүйене отырып, қылмыстарды ішінара қосып, сот оған 5 жыл 3 ай мерзімде жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуге үкім шығарды. Ө. Қуанар

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ неге ашаршылыққа ұшырады?
Жетісу облысында жоғалған малшы табылды
Абай облысының мұғалімі ұлттық ойындар арқылы математиканы үйретіп жүр
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті