Павлодарда 3 шаруа қожалық жерінен айырылып қалды. Сөздерінше, әкімдік 4 жылдан бері пайдаланып келген шабындық алқапты бір ақ күнде басқа бір адамға беріп жіберген. Ол жерді заңды түрде алғанын айтып, шөбін шауып алыпты. Амалы таусылған шаруалар арнамыздан араша сұрады. Мән-жайды өңірдегі тілшіміз білді.Жанат Жұмабеков – осыдан 4 жыл бұрын Май ауданына қарасты Кеңтүбек ауылынан 122 гектар жерді жалға алған. Оны ауылдағы 3 шаруашылық өзара бөліскен. Биыл жердің пайдалану мерзімі жақындаған соң, ұзартуға өтініш беріпті. Алайда, әкімдік одан бас тартқан. Жанат ЖҰМАБЕКОВ, ШАРУА? Біз соны ұзартып алайық деп акиматқа арыз жазып қайта қайта барам ұзартпайды. Енді конкурс болса, болсын біз қарсы емеспіз деймін. Біз қарсы емеспіз. Конкурс болса ұтамыз ба - деп ойлағанбыз. Конкурссыз басқа біреуге беріп қойыпты 18 гектар жерді. Міне, скора қыс келеді. Біз әлі күнге дейін шөп шаба алмай жатырмыз. Бұл шабындықтан ауылдағы 3 бірдей шаруашылық малдың қысқы азығын дайындап келген. Бұл жолы жердің жаңа қожайыны шауып алған. Жерінен айырылған шаруалар енді шөпті қайдан аларын білмей отыр. Бердібек ДҮЙСЕНОВ, ШАРУА? Биыл шөпсіз қалдық. Хозяство шөпсіз қалды. 20 гектар жердегі шөп жоқ. Земельныйға барсақ басқа жер беріңдер басқа жерді шабамыз десек жер жоқ. Биыл шөп сатып алыңдар дейді. 300 кг бір тюк 12 мың тұрады. Аудан әкімдігі шабындық алқаптың заңды түрде берілген. Жер басқа кәсіпкерге заңсыз берілді - дегенді жоққа шығарды. Дау 3 шаруашылықтың арасында болып жатқанын айтады. Әділет СЫЗДЫҚБАЕВ, МАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мен өзім жеке өзім ол кісілерді бірнеше мәрте жинадым. Бір келісімге келе алмай қойдық. Олардың арасында да бірнәрсе бар. Айта алмаймын. Өйткені, бір-біріне көзқарастары дұрыс емес сияқты. Жұмабеков мен 50 гектар шауып жүрміндеп болмайды. Бірақ, құжатты көтерген кезде 2006 жылдан бастап 26 ақ гектар болды. Шаруалар мәселесін айтып, құзырлы органдарға хат жолдаған. Әзірге ешқайсынан нақты жауап келмепті. Түйінді түйткіл шешілмесе, әкімдікті сотқа берміз деп бекініп отыр.