Павлодарда 50 отбасы өздеріне тиесілі баспананы ала алмай жүр

Павлодарда 4 жыл бұрын бұзылған апатты үйлердің тұрғындары әлі баспанасыз жүр. Орнына жаңа үй салып береміз деген әкімдік бұл істі созбалаңға салып жіберген. Амалы таусылған тұрғындар арнамыздан араша сұрады. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді. Елена Дудиева - осыдан төрт жыл бұрын апатты үйін босатып берген. Содан бері пәтер жағалап жүр. 6 бірдей баланың анасына пәтер жалдау да оңай болмаған. Әкімдік үйге бар жоғы 50 мың ғана теңге береді. Қалғанын өз қалтасынан шығаруға мәжбүр. Елена ДУДИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Төрт жыл бойы ай сайын он мың теңгеде қосамын. Оған қоса коммуналдық төлемдерді де өзім төлеймін. Бізге бір жылдан кейін пәтер береміз деген әлі жоқ. Былтыр әкімдікке барғанда биыл мамырда береміз деген. Міне, тамыз болды, әлі жоқ. Бұрынғы Алюминстрой шағын ауданында 150-дей ескі үй болған. Басым көпшілігі бұзылды, орнына жаңа шағын аудан бой көтерді. Алайда, әлі 50 отбасы өздеріне тиесілі баспанаға қол жеткізе алмай жүр.  Александр МОИСЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Пәтерлерді беру мерзімінің созылып кетуінің ар жағында жемқорлық тұр. Өйткені, біреулердің қызығушылығы бар. Кейбірлеулер бір жылға жетпей алып қойды. Ал біз әлі жүрміз. Ал әкімдік шағын аудан тұрғындарына арналған үйлерді биылдан қалдырмай, қолданысқа береміз - деп отыр. Арман АСЫЛХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстар жүріп жатыр. Қыркүйек айында баспана қолданысқа берілетін болады. Мұнда 36 пәтер бар. Оның 18 екі бөлмелі, қалған 18-і үш бөлме. Ал үй құрылысының созылып кетуі жылу жүйесіндегі ақауға байланысты болды. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Шағын ауданда осы секілді сүрілмеген 6 үй қалды. Оны әкімдік тұрғындарға жаңа баспана салынғаннан кейін бұзбақ. Орнына емхана салынады деп жоспарланып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді