Павлодарда 6 ауданда үйлерді су басып қалды

Павлодарда қарғын судан 6 ауданда үйлерді су басып қалды. 18 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Сіресе, Ақтоғай ауданындағы Жалаулы ауылында жағдай күрделі. Мұндағы 15 баспана су астында қалған. Құтқарушылар тәулік бойы суды бөгеуге тырысқан. Алайда, қатты қарқынмен еріген қар суы ауылдың басым бөлігіне жайылды. Төтенше жағдай мамандары суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олег ТРЕЩЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аймақта тасқын қаупі төніп тұрған 10 участок бар. Бұл Ақсу, Ақтоғай, Успенка, Ертіс, Шарбақты, Тереңкөл аудандары. Еріген қар су мен жаңбыр салдарынан 18 үй су астында қалды. Қазіргі уақытта 8 үйде су сорылды. 10 үйде су сору жұмыстары жүріп жатыр. Тасқынмен күреске 400 адам, 130 техника, 44 мотопомпа және жүзу құралдары жұмылдырылды. Тасқын қаупін үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылды. Барлығын бақылауға алдық. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға халық қалаулылары көмектесіп жатыр. Өңірге Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай бастаған бір топ депутат арнайы барды. Олар халықтың мұң мұқтажын тыңдап, жағдаймен танысты. Қарғын судан үйі қираған тұрғындармен тілдесіп, мемлекет тарапынан баспаналарының қалпына келтірілетінін жеткізді. Асылбек ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жалпы біз қолымыздан келгенше алғашқы көмек көрсеттік. Бұл су соратын моторлар, алғашқы көмек азық-түлік, құм толтыратын қаптар, шланг, суға киетін арнайы резенке етік басқа да алғашқы көмекті қолдан келгенше жасадық. Және бұл осымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта халықпен бірге болатын боламыз. Және қолдан келгенше, көмек көрсетеміз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 24 қараша 2024, 12:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Елімізде 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Жетісу облысындағы ауыл халқы биліктен мал жаятын жер сұрады
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін
Қазақстандағы туризм: проблемалар мен оларды шешу жолдары қайсы
Абай облысында 15 тонна шөп өртенді
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада?
Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті
Жылыту маусымы: Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды