Павлодарда 750 млн теңгеге 50 бала оқитын мектеп салынбақ

Павлодарда 750 млн теңгеге 50 бала оқитын мектеп салынбақ. Шағын білім ордасына осыншама қаржы бөлінгеніне мәслихат депутаттары күдікпен қарап отыр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.Депутаттардың күдігін тудырған жаңа мектеп Железин ауданының Моисеевка ауылында бой көтермек. Құрылысына қазынадан 750 млн теңге бөлінген. Алайда қомақты қаражат халық қалаулыларының күдігін тудырды. Фуат САТЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Біз мектеп салуға қарсы емеспіз. Бірақ бұл мектепке бөлініп отырған қаражат сомасы өте үлкен. Бұл күдік тудырып отыр және тағы бір күдік тудырып отырған нәрсе. Сметалық құжаттар бізге көрсетілген жоқ. Және екіншіден бұл мектепті салатын компания күдік тудырып отыр. Өйткені былтырғы жылы 8 июньде аукционды жеңіп алған бірақ бұл компания сол аукционға дейін үш-төрт ай бұрын ғана құрылған екен. Моисеевка орта мектебінде бар жоғы 51 бала оқиды. Бұрынғы мектеп апатты күйге түскендіктен, жергілікті билік жаңа білім ошағын салу туралы шешім қабылдаған. Ал әкімдік мектепті салдырғанан гөрі жеке меншік құрылыс компаниясынан сатып алғанды жөн көріпті. Асайын БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ғимараттың бағасына келетін болсақ, құнын ешкім ойлап таппайды. Баға құжаттама арқылы шығады. Ол мемлекеттік сараптамадан өтеді. Заңмен дайын нысандарды сатып алуға болады. Бұл тәжірибе облысымызда қолданылып келеді, әрі қарай да қолданылады. Егер біз мемлекеттік қаржы арқылы конкурс жарияласақ, жауапты мердігер келеді дегенге кепіл жоқ. Дегенмен де жаңа мектептің құрылысы басталып кетті. Облыс әкімі өзі барып, қазығын қақты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді