Павлодар облысының прокуратурасы оқушылардың құқықтарының сақталуына жүргізген талдау барысында медициналық колледж студенттеріне шәкіртақыны, оның өсуін есепке алмай, есептеу фактісін анықтады.Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды. Мәселен, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданды. Шәкіртақы 10,5 мың теңгеге, 20 948-ден 31 422-ге дейін ұлғайған. Осыған қарамастан, биылғы оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алуды жалғастырған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігі пайда болған берешекті өтеу үшін 40 млн. теңге іздестірді. Қазіргі уақытта студенттерге тиесілі барлық сомалар төленді, кінәлі адамдар жазаланды.