Павлодарда «AMANAT» партиясының қатары 50 адаммен толықты. Олар- әр саланың өкілдері. Барлығына партия билеттері табысталды. Өңірде партияның 48 мыңнан астам мүшесі бар. Қатары жылдан жылға толығып келеді. Партия қатарына қабылдау шарасы аясында аманаттықтар өздеріне әрдайым қолдау жасап, бірлесе жұмыс атқарып келе жатқан серіктестеріне алғыс хаттар табыстады Біржан МҰРАТБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Алғыс айту күніне, партия күніне орай «AMANAT» партиясы жаңа құраммен толықтыруда. Бұл партияға қосылған мақсатымыз ең бастысы халыққа қызмет ету. Партияның идеологиясын қолдау. Және партияның жасап жатқан жұмыстарын халыққа көрсету. Айгүл МӘЛІКОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Жалпы мынау қоғамдық қабылдауды алсақ, 2023 жылы 500-ден астам адам жүгінген болатын. Олардың 60 пайыз сұрақтары оң шешілді да, ал 40 пайызына нелер берілген болатын. Сондықтан, бұл жұмыстар әрі қарай жалғасуда. Біздің партиямыз белсенді жаңа адамдармен толықтырылады деп сенемін.