Павлодарда «AMANAT» партиясының облыстық филиалында кітап орталығы ашылды. Сөрелерде қазіргі заман талабына сай кітаптар қойылған. Оқырмандар өздеріне ұнаған кітапты сатып ала алады. Орталықта әлемдік әдебиеттен бастап бизнес, қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған кітаптар бар.Шолпан КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Бұл орталықтарды ашудың негізгі мақсаты халқымызға жастарға оның ішінде біздің оқушыларымызға кітапты жақын ету. Кітап оқу сауаттылығын арттыру біздің күнделікті өмірімізге кітап оқу мәдениетін кіргізу оны кеңінен дамыту болып есептеледі. Жиынға ақын-жаушылар, қоғамдық белсенділері мен мәслихат депуттары қатысты. Олар партия филиалынан ашылған орталықты оң бағалады. Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Александр Толмачев игі істі жалғастыруға ниет білдіріп, Ақсу қаласындағы ірі сауда ойын-сауық орталығында жеке қаржысына «Кітап-AMANAT» оқу залын ашуға уәде берді. «Бұл қадам сауда орталығына келушілер үшін тартымды формат болатынына сенімдімін. Кітап халыққа қолжетімді бола түседі», – деді ол. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған еді. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Қызыр ЖАНАРЫС, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ: Кез келген жерде кітапхананың болғаны дұрыс. Ауылда да кітапханның болғаны дұрыс. Өйткені, цифрлық техникаға бағынып кетіп, соның ішінде өмір сүріп жатқандықтан, ата-анасымен бірге осы жерге келіп оқиындай жағдай туғызатын болса, тіпті жақсы. Бұл кітап жобасын ел болып қолдауымыз керек.