Павлодарда ата-аналар балабақшалардың суықтығына шағымданды

Павлодарда ата-аналар балабақшалардың суықтығына шағымданды. Айтуларынша, қатты аяз басталғалы тіптен азынап кеткен. Кейбір топтарда мүлдем жылу болмапты. Соның кесірінен балалар жиі ауырады. Ата-аналар бұл жағдайдың жыл сайын қайталанатынын айтады. Мәселені айтқанмен, оған құлақ асқан ешкім болмапты.Айнұр ОРАЗБАЕВА, АТА-АНА: Батереялар суық. Содан балаларым жиі ауырады. Кеше істейді деген. Бірақ, бүгін нәтиже байқамадым. Сол қалпы суық. Балаларды бұл топ суық болғандықтан, басқа топтарға ауыстырған. Алайда, тамақ ішетін кезде өз топтарына әкеледі. Сосын салқын су, салқын тамақ ішіп, балалардың тамағы ауырып жатыр. №112 балабақшада 300-ге жуық бала бар. Қазір оның тек 135-і ғана келетін болған. Суықтан жартысына жуығы ауырып қалыпты. Балабақша директоры ғимараттың кейбір бөлігі суық екенін айтады. Сондықтан ол топты уақытша жауып тастаған. Ал балалар басқа топтарға қосылыпты. Мәселені бірнеше күнде шешеміз - дейді. Дәмегүл БЕЙБІТОВА, БАЛАБАҚША ДИРЕКТОРЫ: Ғимараттың бұл бөлігі түкпірде болғаннан соң ба, салқын. Бірақ, мұндағы балаларды басқа топтарға ауыстырдық. Ал жылу орталығының мамандары келіп, жөндеу жүргізіп жатыр. Әзір нақты себебін таба алмады. Алдағы бірнеше қалпына келтіреді деген ойдамыз. Оған дейін балалар жылы топтарда болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"