Павлодарда ауыл халқы шөпті несиеге алуға мәжбүр

Павлодарда ауыл халқы шөпті несиеге алуға мәжбүр Тоннасы бақандай 100 мың теңгеге жеткен. Азын аулақ малмен ғана күн көріп отырған жұртшылық қарызға белшеден батқанын айтады. Мәселенің мән жайын өңірдегі тілшіміз Өзгеріс Қуанар жеткізеді.  Халық малдың қысқы азығын дайындай алмай отыр. Қуаңшылықтан жер күйіп кеткен. Есік алдындағы санаулы түлікке шөпті сатып алуға мәжүр. Ал бағасын екінің бірінің қалтасы көтермейді. Бақытхан БОЛАТ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Жеріміз жоқ шауып алатын. Одан кейін амал жоқ, сатып аламыз. Биыл міне 90-100 мың деп тұр ғой. Сұмдық ғой бұл. Бағасы 100 мыңнан болса, 10 телешкасы 1 миллион болады. Өте қымбат, өте қымбат. Халықтың жағдайы қиын. Асқар ӘДІЛХАН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Қазір тіпті менің пенсиям 70 мың, ал шөп қазір 90-100 мың деп тұр. Мен пенсиямды қалай тартамын. Бір телешка шөпке жетпей қалды. Балаларға тамақ алып беру керек. Екі-үш малдың баққан ақысы бар. Сонда жетпей қалды. Мен қайтерімді білмеймін енді. Шөп сатып алуға шамасы келмеген тұрғындар малды азайтуға көшкен. Бірақ, қазір оны сату да оңай болмай тұр. Қымбатшылық жайлаған тұста арзанға сатқылары жоқ. Сондықтан, қысқы азықты несиеге алып жатыр. Алдан МАМАНҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Алдыңғы жылы 50 мың болған, былтыр 70 мың, биыл міне 90-100 мыңға шықты. Мен биыл бес-ақ телешка ғана алдым. Өте қымбат. Енді ол жетпейді бәрі бір. Сондықтан малды азайтамын. Ал әкімдік шөп дайындау бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқанын айтады. Бұл мақсатқа қазынадан 3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген. Бұдан бөлек орман алқабындағы тыйым салынған жерлерді шабуға рұқсат бердік – дейді. Марат АҚТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мал азығының бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жеке аулаларды сабанмен қамтамасыз ету мақсатында меморандумдар жасау жбойынша жұмыс жүргізілуде. "Павлодар" ӘКК " АҚ арқылы 10 мың тонна көлемінде жемдік астық сатып алу бойынша резервтік қор құрылады. Ауылдағы ағайын бұл көмектің өздеріне жете қоюына күмәнмен қарайды. Сондықтан несие алып, қарызға батқаннан басқа амал жоқ деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
Қазақстанда үш кассациялық сот құру – сот жүйесін жаңғыртудың қадамы
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Доллардың бүгінгі бағамы қандай
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес