Тұрғын үйдің кіреберісінде жоғалған кілт үшін әйелімен жанжал шығарған ер адам ұсталды. Павлодар әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотында 28 жастағы павлодарлық тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Сотта ер адам әйелімен кикілжің пәтер кілтін жоғалтқандықтан туындағанын айтты."Жанжал кезінде ол қатты айғайлап, әдепсіз сөздер айтып, әйелдің бетінен ұрып-соғып, ашу кезінде жанжал шығарғанын айтып, өз әрекетін түсіндірді", –делінген сотта. Павлодарлық әйел сотта күйеуімен татуласқанын, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтты. Әйел денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамадан өтуден де бас тартты.