Павлодарда балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған. Облыстық прокуратура ақпаратынша, денсаулық сақтау басқармасының қоймасында құны 21 млн. теңге болатын 9 жарым мың екпе сақталған. Оның 135 дозасы емханалардың біріне жеткізіліп, балаларға салынған. Қазір уақыты өткен вакцина жойылды. Осы іске қатысты денсаулық сақтау басқармасына жауапты басшылар мен мамандар жауапгершілікке тартылмақ. Бұдан бөлек 5 балаға қызылша қарсы екпе алды деп жалған құжат жасалғаны әшкере болды. Дастан СӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Салынған преператтың аты «Пентаксим». Ол дифтерияға арналған салынған. Үш күн мен төрттің күннің аралығында мерзімі өтіп кеткен. Қазіргі таңда бұл бағытта тексеру амалдары жүргізілуде.