Павлодар қаласында батарейка жұтып қойған үш жасар қызға шұғыл операция жасалды. Кішкентай қыз жансақтау бөлімінде үш апта жатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.Бала облыстық ауруханаға түскенде оған бірнеше диагноз қойылды. Түйме пішіндес батарейкаөңешінде тұрып қалған. Одан 2-3 дәрежелі химиялық күйік алған. Пневмомедиастинум болды. Соның салдарынан кеуде, мойын мен бет терісінің астында ауа жиналған. «Баланың жағдайы өте ауыр болды. Пневмомедиастинумның салдарынан ауа жетпей қалды. Өңеші күйіп қалды, интоксикация басталды», - дейді дәрігерлер. Үш жасар қыз жан сақтау бөлімінде 16 күн жатты. Сосын хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ал стационарлық емдеуден кейін үйіне жіберілді.