Павлодарда бес қабатты үш үй құлауы мүмкін

Павлодарда бес қабатты үш бірдей үй құлайын деп тұр. Тұрғындардың дабылынан кейін жергілікті әкімдік төтенше жағдай жариялады. Ал үй тұрғындары уақытша жалдамалы пәтерлерге көшірілмек. Алайда, олар үйлерін тастап көшуге қарсы. Айтуларынша, әкімдік басқа үй беруге кепіл хат берсін деп талап қойып отыр. Оның үстіне пәтер жалдауға берілетін қаражат та тұрғындардың көңілінен шықпайды. Олег ДЕДЮКИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 120-130 мыңға 3 бөлмелі пәтер жалдай алмайсың. Бір бөлменің өзі 100 мың теңге тұрады. Сонда әкімдік бізді мазақ қылып отыр ма? Бізге басқа пәтерге көше беріңдер - деп ауызша айтады. Пәтеріміздің орнына басқа үй беретіндері туралы ешқандай кепілдік құжат бергілері келмейді. Сондықтан, қолыма құжат бермейінше, бұл үйден көшпеймін. Ал мамандар бұл үйдің бір сәтте құлап кету қаупі басым екенін айтады. Баспана өткен ғасырдың 90 жылдары салынған. Алайда, іргетасы дұрыс қаланбапты. Соның салдарынан уақыт өте келе үйдің қабырғалары шытынай бастаған. Қазір бес қабатты үш нысанда 250-ге жуық адам тұрып жатыр. Оның жартысына жуығы- балалар. Тілекжан ГАЛЯМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бұл үйдің қабырғалары құлауы мүмкін. Осы аталған үйлерде Әсіресе, Центральная 6 мекен-жайы бойынша қауіп қатері өте үлкен. Үй блоктан жасалған. Блоктың армартурасы сваркамен жалғанған. Осы сварканың шоптары ашылып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Қатты сағындым“. Ақерке Бүркітбайдың әкесі туралы естелігі көпшіліктің көңілін босатты
«Біреуді мазақ еткен комментке лайк басу күнә». ҚМДБ пәтуа жасады
«Қазір бұрынғыдан да бақыттымын»: Балжан Бидаш экс-күйеуі үйленгеннен кейінгі жағдайы туралы айтты
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі