Павлодарда «депутат сағаты» атты іс шара өтті. Жиынға облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, мәслихат депутаттарының сауалдарына жауап берді. Халық қалаулылары өңірдегі ауыз су, жол, инфрақұрылым мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы барлық мәселені шешу бойынша жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын баяндады. Бұдан бөлек биылғы қуаңшылыққа байланысты да малды жем шөппен қамту бойынша да жасаланып жатқан жұмыстарға тоқталды.Айгүл МӘЛІКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Негізгі мақсаты жол картасының орындалуын қадағалау. Көптен бері ұзақ уақыт бойы шешілмеген сұрақтарға шешімін табу. 4 бөлімнен тұратын 90 индикаторы бар жол картасы. Сол жол картасын бүгінгі таңда яғни, қажетті шешілетін сұрақтары бойынша және сайлаушылармен кездескен кезде оларда бізге көптеген сұрақта қояды. Сол сұрақтарға бүгін жауап аламыз.