Павлодарда сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қыметінен қуылды. Ол шаһардың бас жоспарын жасауда заңсыздыққа жол берген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, шенеунік бас жоспарға қайшы келетін 36 көпқабатты үй салуға рұқсат берген. Бұл үшін пара алған -алмағаны белгісіз. Дастан СӘКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2018 жылғы бас жоспардың 6 жылда 17 пайыз деп айтып өткенім, қазіргі архитекор 6 жылдың жартысынан көбінде лауазым атақарды. Соның ішінде ең төмен көрсеткіш мына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы. 60 бапты негізге алып ақтамақшы болды. Негізі құрылысты реттейтін және олардың дамуына тікелей архитектор қарауға міндетті. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысынан орнынан босатуды сұраймын. Ал Успен аудандық білім беру бөлімінің басшысы сатып алынбаған тауарға алдын ала қаражат төлеп тастаған. Тексеру барысында 24 сорғының тек 10-ын алған. Ал қалғаны жоқ болып шықты. Өңірдің әдеп жөніндегі кеңесі шендіні қызметіне лайық емес деп жұмысынан босатты. Шенеунік өз кәнісін мойындады. Айгүл НҰРҒАЛИЕВА, УСПЕН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қабылдау актісіне алдын-ала қол қойғаным рас. Өз кінәмді толық мойындаймын. Екінші деректі деп растаймын. Материалды сектор қызметкері желтоқсан айының төлемін қарашада жүргізді. Мен бұл жайттан бейхабар болдым. Қол қою құқығы менде. Мен өз кінәмді толық мойындаймын.