Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпір апатты жағдайда тұр

Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін ескі көпір апатты жағдайда тұр. Қатты аязда темір қоспалардың арасы ажыраған. Осыдан 60 жыл бұрын салынған өткел ауыр жүк көліктерін көтермейді. Сондықтан, салмағы 10 тоннадан асатын техникалардың қозғалысына шектеу қойылған. Ал көлік жүргізушілері өткелден өтуге қорқатындарын айтады.Бейбіт НҰРӘЛИН, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ: Күнде жүреміз. Күнде жүреміз деп айтуға болады. Енді қауіпті. Адамдар жүріп жатады өміріне қауіпті деген жағдай ғой. Енді бұл көпірді жөндейтін уақыт келді. Мысалы, тарс-тұрс етіп жатады өткенде темірлері шығып жатады сондай жағдайда. Соны істесе деп айтамыз енді. «Қазавтожол» мамандары көпірді күнделікті бақылау барысында темір қоршау мен қоспаларының арасы ажырағанын анықтады. Дереу тексеру жүргізген олар қауіп жоқтығына көз жеткізіпті. Айтуларынша, көпірдің негізгі тірегіне зақым келмеген. Ал «Қазавтожол» мекемесі ескі көпірдің орнына жаңасын салмақ. Бірақ, оның қашан салынары белгісіз. Алексей ЛОГВИНЕНКО, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК ПОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Тексеру нәтижесінде көпірдің қатты аяздан жетінші және тоғызыншы бағандарынының арасындағы темір қоспалар дәнекерленген жер үзіліп кеткен. Ал тіректері қанағаттанарлық жағдайда. Ал бұдан келіп кетер қауіп жоқ. Үзілген қоспалар қайта жалғанды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Онлайнда әйелдер ерлерден көп уақытын өткізеді
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12-ақ жылға сотталды
Михаил Кавелашвили Грузия президенті болып сайланды
Астанада әлі тумаған егіздерге ота жасалды
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды
Бір ғана үміткер қатысты: Грузияда президент сайлауы өтті деп жарияланды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды