Павлодарда есірткі тасымалдаған әйел ұсталды.Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қала аумағында 31 жастағы әйелдің психоактивті заттарды тарататыны туралы жедел ақпарат алған. Полицейлер күдіктіні заңсыз заттардың кезекті партиясын тасымалдаған кезде ұстады. Ол бұдан әрі құпия жерлерге орналастыру мақсатында тыйым салынған заттарды интернетте сатып алғанын мойындады. «Жеке тінту жүргізу кезінде әйелдің іш киімінен жиырма бес байлам жалпы салмағы 12,4 грамм синтетикалық зат тәркіленді. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деді департаментте.