Павлодарда есірткіні қарбыздің ішіне жасырып шекара асырмақ болған 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Тексеру барысында қарбыз толы жүк көлігінен 59 келі «героин» табылған. Улы заттың нарықтағы құны 2,5 млн теңгені құрайды. Жүк көлігі Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымақ болған. Қазіргі уақытта ескірткі қылмысына қатысы бар өзге де тұлғалар мен ұйымдастырушылары іздестіріліп жатыр. Асқар МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.