Павлодарда жалға берілген 42 сотық жер жекеге сатылып кеткен. Ойын-сауық орталығы бой көтеруі тиіс аумаққа жаңа қожайын элиталы тұрғын үй салмақ. Бұған тұрғындар үзілді-кесілді қарсы. Айтуларынша, үйдің ауласында балалар ойнайтын алаң қалмаған. Ал әкімдік жердің кімге сатылғанын жасырын ұстап отыр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді.Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Бұрын бұл жер бос болған. Сондықтан да балалардың ойын алаңына айналыпты. Кейін әкімдік оны жекеге сатып жіберген. Жерді жалға алған кәсіпкер нысанды қоршап тастады. Тұрғындардың айтуынша, үй ауласында бұдан өзге ойын алаңы болмаған. Енді балаларды қайда апарарын білмей жүр. Темірғали ӘЛЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы жерде 22 көп қабатты үйлер бар. Содан бір түзу балалар ойнайтын жер жоқ. Не мини футбол ойнайтын, не волейбол ойнайтын, не балалардың площадкасы жоқ. Бұған дейін де шағын аудан халқы құрылысқа қарсы екендерін айтып, әкім қараларға хат жазған. Алайда, оған құлақ асқан ешкім болмапты. Халелолла ЖАКУДАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қоршау қойылғаннан кейін шығып, қарсылығымызды білдірдік. Бұл құрылысты бастайтын болғандардың бәрі тоқтатылды. Енді көктем келді. Қайтадан құрылысқа кірісетінін естіп жатырмыз. Ерқанат АСҚАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бір ғана орын бартын дұп-дұрыс балаларға ойнайтын соны алды да қоршап тастады. Сонда Үкімет қайда қарап отыр. Оны әкім де біледі. Оның алдындағы әкім Бақауов та білді. Бәрі білді. Ал әкімдіктегілер 42 сотық жердің жалға берілгенін айтады. Алайда, оны алған кәсіпкер екінші бір адамға сатып жіберген көрінеді. Нариман ҚАЙЫРЛЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жерді ұзақ мерзімге алса, 5 жыл и арғы жылға алса сол мүмкіндігі бойынша сата алады. 2015 жылы сол жер 5 жылға ұзақ мерзімге берілген болатын. Мемлекеттің аренда болған жерін сатып алу шарты бойынша басқа адамға сатып жіберген болатын. Жердің жаңа қожайыны бұл аумаққа енді көпқабатты тұрғын үй салмақ. Әу баста мұнда сауда орталығы бой көтереді деп жоспарланған. Алайда, кәсіпкер жердің нысаналы мақсатын өзгертіп жіберіпті.