Павлодар облысының құтқарушылары жасанды су айдынынан балықшылардың денелерін тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 22 наурызда сағат 20.33-те Екібастұз қаласындағы "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына кетіп қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олар балық аулауға Павлодардан келген. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен."23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 ехника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері судан шығарылды,-делінген ведомство мәліметінде.