Ал Павлодарда «Жастар рухының» белсенділері саяжайы өртеніп кеткен тұрғындарға көмектесті. Олар өрттен қалған күл қоқысты шығаруға ат салысты. Жастар саяжай аумағындағы үйінділерді тазалап, қоқыс қалдықтарын көліктерге тиеді. Естеріңізге салайық, күні кеше облыс орталығында 100-ден астам саяжай учаскесі отқа оранған болатын. Оның ішінде қолданыстағы 35 шағын үй бар. Өрттен саяжай қоршаулары, жеміс ағаштары түгі қалмай өртеніп кетті.Еламан АСЫЛБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өрт апатынан зардап шеккен жалғыз тұратын әжемізге көмектесуге келіп отырмыз. Жастар рухының белсендәлері өз еріктерімен келіп, осы шараға қатысып отыр. Барлық қоқысты қаптарға салып, осы аумақты тазартатын боламыз. Нина МЕЛЬНИКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жастарға алғысымды айтамын. Өйткені, бұны мен жалғыз өзім істей алмас едім. Көп рахмет!