Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады. Бұл азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.