Біреуі үйге жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.Облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат 02:20-да екі зардап шеккен бала травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Жасөспірімдерді кезекші хирург пен травматолог қарап шықты. 12 жасар бала жабық бас жарақатын алды, ал 17 жасар бала бастың көгеруімен амбулаторлық емделуге жіберілді. Еске сала кетейік, Назарбаев – Толстой көшелерінің қиылысында көлік жарық бағанына соғылып, аударылды. Көліктің ішінде екі жасөспірім бала болған.