Павлодарда кәсіпкер жатақхана орнына элиталы үй салған

Павлодарда кәсіпкер жатақхана орнына элиталы үй салған. Қазір жоғары оқу орны мен инвестор соттасып жатыр. Студенттер үйін салам деп жер телімін жалға алған кәсіпкер оны басқа мақсатқа қолданыпты. Ақыр соңында 700-дей студент далада қалды. Мәселенің мәнісін тілшіміз біліп келді.  Бұл нысанның әу баста қазығы жатақхана ретінде қағылған. Сол үшін қаланың қақ ортасынан 4 жыл бұрын жер телімі берілді. Алайда, пандемия уақытында қаржының жоқтығынан құрылыс тоқтап қалған. Соны желеу еткен инвестор нысанды жарым жартылай жекеге жіберген. Ал кәсіпкер ол жерге жатқанхана емес, элиталы үй тұрғызыпты. Серік ІЛИЯСОВ, Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Университет Жоғарғы сотқа Павлодар облыстық сотының шешіміне кассациялық шағым дайындап жатыр. Қазір жатақханадағы 700 орынға қажеттілік бар. Бұл тапшылықты азайту үшін университет Павлодар қонақ үйі және жатақханасымен 600 орынға меморандум жасады. Кәсіпкер ол жерге тұрғын үй салу үшін әкімдіктен ешқандай рұқсат алмаған. Жердің нысаналы мақсатын да өзгертпепті. Қазір кәсіпкерге шара қолдану үшін құзырлы органдарға хат жолданды. ҒАЛЫМБЕК РАХИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінде Павлодар қаласының әкімдігіне жердің пайдалану мақсатын өзгерту туралы өтініш түскен жоқ. Сонымен қатар «Заман Альянс» ЖШС университет пен қала әкімдігіне ескертпестен бой көтерген ғимараттары бар жер телімін жалға беру құқығын сатып жібергені анықталды. Қалада студенттерге арналған жатақхана тапшы. Бір ғана мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орнының 700 шәкірті баспана таппай далада жүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Қазақ тазысы патенттелді
Қылмыс болған кезде жоғалатын камералар айыппұл десе табыла қалады - Нартай Сәрсенғалиев
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Ақтөбе тұрғынынан құны 12 млн теңге болатын марихуана тәркіленді
«Баға қайда кетіп барасың?» деп жыламсырайтын жағдайға да жеттік – депутат
Бублик пен Шевченко Australian Open турнирін сәтсіз аяқтады
Көршілері ұстап берген: Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азаматқа айыппұл салынды
Ақтөбеде мектепке жақын жерде алкомаркет ашылған
Алматыда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі тексерілді
Қазақстан-Британ университетіндегі өртті сөндірген құтқарушылар марапатталды
Депутат әлеуметтік педагогтар мен техникалық персоналдың айлығын көтеруді талап етті
Ақтаудағы ұшақ апаты: қара жәшіктер Қазақстанға қайтарылды