Павлодарда көпқабатты үй тұрғындары жылуға жарымай отыр

Павлодарда көп қабатты үй тұрғындары жылуға жарымай отыр. Сақылдаған сары аязда пәтерлер тіптен суып кеткен. Қатты аяз басталғалы тұрғын үй инспекциясына 160-тан астам шағым түсіпті. Қазір құзырлы органдар өтініш түскен үйлерді тексеріп, жылудың неге тиісті деңгейде берілмей жатқынын анықтап жатыр. Маржан Байтемірова пәтерінің жылынбайтына шағымданды. Айтуынша, қатты аяздан үй іші азынап кеткен. Суықтан немересін балабақшаға апаруға мәжбүр болыпты. Өйткені, үйден гөрі балабақша әлдеқайда жылы көрінеді. Маржан БАЙТЕМІРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 16 градус қана осы үйде температура. Мына комнатаны вообще жауып тастадық. Ол жақта вообще сұп суық. Балалар киіммен жатады. Өзіміз киінгенде осылай жүреміз. ... басқа пәтерлерде де осылай суық. Зейнеткер үйде тоңып қалмас үшін күні-түні жылытқыш қосып отыр. Ал ол коммуналдық шығынды еселей түсуде. Маржан БАЙТЕМІРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Суық басталғалы жылытқыш қосып отырмыз. Енді постояна қосуға мотает электр энергию. Білмеймін енді не істейтінімізді. Балалар суықтан келіп, суыққа кетеді. Киіммен жатады. Тұрғын үй инпекциясына 160-тан астам шағым түскен. Құзырлы орган өкілдері пәтерлерге тексеру жүргізді. Нәтижесінде 5 көпқабатты үйде жылу мөлшерінің тым төмен болғанын анықтаған. Дархан ӘЗІМХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл үйлер бойынша жылу орталығы тарапынан тиісті шаралар қабылданатын болады. Кейбір үйлерде жылу жүйесі дұрыс емес. Сол себепті жылу дұрыс берілмеген. Онымен үйге қызмет көрсетуші ұймыдар айналысып жатыр. Ал Мәшһүр Жүсіп көшесі 25 мекен-жайы бойынша өтініш түскен жоқ. Өтініш болған кезде мониторингтік топпен бірлесіп тексеріс жүргіземіз. Ал мардымсыз жылу берілген үйлердің шығыны қайта есептеледі. Ол үшін тұрғындар пәтер иелері коперативіне ескертіп, тиісті мекемелерге арыз жазуы керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көлікті техникалық байқаудан өткізу талабы күшейтіледі
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Алматыдағы тәртіп сақшысының өлімі: оқиғаның видеосы пайда болды
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Титан батискафында қайтыс болған миллиардердің әйелі мұрасыз қалды
Жұмыс жасау, жұмыс істеу: қай нұсқа дұрыс?
Бірнеше қалада ауа ластанады
Жауын-шашын, көктайғақ: 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қызылордада коммуналдық қызметкерлер еріген қар суын шелекпен тасып жүр (ВИДЕО)
Эстонияда қарлы боран салдарынан 17 мың үй жарықсыз қалды
Той үстінде төбелескен екі даяшы ұятқа қалды (ВИДЕО)
Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Алматының индустриалды аймағында былтыр 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті
Мүшел жас несімен қауіпті? Этнограф мүшел ұғымы жайлы көп білмейтін құпияны ашты
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
Хабиб Нурмагомедов стюардессамен сөзге келіп қалған соң рейстен қуылды (ВИДЕО)
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)