Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

Мектеп асханасы төңірегінде тағы бір дау. Павлодардағы жалпы орта білім беретін мектепте тамақтан құрт шықты. Оқушы ботқа мен котлеттің арасынан жәндік тауып алған. Бұл жалғыз оқиға емес. Соңғы кездері осыған ұқсас хабарламаларды жиі еститін болдық. Депутаттар білім ошақтарындағы тамақ мәселесі – күрделі тақырып дейді. Жалпы астың сапасына кім жауапты? Толығырақ Аружан Задабек баяндасын. Оқиға Павлодардағы №42 мектепте болды. Тамағынан құрт тапқан оқушы оны суретке түсіріп, анасына жіберген. Перзентінің өміріне алаңдаған келіншек оны бірден әлеуметтік желіге жариялапты. Осыдан кейін мектеп басшылығы мен ата-аналар қауымының өкілдері жедел тексеру жүргізді. Екатерина ЛАВРЮНОК, АТА-АНА: Бұл жағдайды естіп, есеңгіреп қалдық. Бұл асханаға балалар бұрында бірнеше рет шағымданған болатын. Айтуларынша, тамақтары дәмсіз, салқын, су татиды. Былтыр тек балық котлетін ғана берді. Сондықтан, бұл асхананы жалға алушылардың кеткенін қалаймыз. Гүлнәр ТАПАНОВА, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №42 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Мен тамақтағы құртты өз көзіммен көрген жоқпын. Бірақ, менің орынбасарым құрттың тірі екенін көрген. Және оқушы баламен бір үстелде отырған сыныптастары да оны көріпті. Біздің ойымызша, асханада алма болған. Құрт содан пайда болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені, құрт алмалардағы құртқа ұқсайды. Мұндай мәселелерді есептемегенде, елімізде 800-ден астам мектепте асхана жоқ. Онымен қоймай білім ошақтарындағы ыстық тамақтың бағасы да әртүрлі. 400 теңгеден басталып, 1500-ге дейін барады. Жекеменшік мекемелердің мәселесі бір бөлек. Бұған дейін депутаттар бұл орындарда да мемлекеттік тапсырыс бойынша тамақтануды ұсынған. Бірақ әлі күнге дейін Үкімет тарапынан жауап жоқ – дейді Жұлдыз Сүлейменова. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 1,5 млн бүлдіршініміз ыстық тамақпен қамтылып жатыр. Оның өзектілігі болашақта да жоғары. Аталған тапсырманың орындалуына қатысты сайлаушылар тарапынан әлі күнге дейін сын көп. Қоғамдық тамақтану орындарынан жеткізілетін тағамның сапасына кім жауапты, төтенше жағдай болса, кім қадағалайды? Осындай асханасы жоқ мектептерде жапсарлас асхана салу мәселесі алдағы уақытта жоспарланған ба, ол қалай шешіледі? Бұл сауалға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді. Министр депутат келтірген статистикамен келіспейтінін жеткізді. Дәлірек, елдегі асханасы жоқ мектептердің саны 800 емес, 591, - дейді. Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Асханалардың барлығының ыстық тамақпен қамту үшін буфеттік және кейтеринг бағытында тамақтар ұйымдастырылуда. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына енгізілген. Бірлесіп жұмыс атқарғанбыз. Дей тұрғанмен, бұл мектептерде асханалардың соғылуына байланысты барлық өңірлерге тиісті Жол картасын қабылдау тапсырмасы берілді. Ол бағытта жұмыстар жүргізілуде. Министрліктің жауабы бойынша, қазір мектеп асханаларындағы ең жоғары баға – 840 теңге. Бұл- Алматы қаласында. Одан кейін, Ақмола облысы, онда 750 теңгеден саудаланады. Ең төменгі баға Қарағандыда – 480 теңге.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көру қабілеті бұзылған балалардың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
«Заңсыз іс қозғалды»: Адвокат Жанна Оразбақова өзіне қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді
Қай жағдайларда "Сергек" жүйесі жол ережесін бұзғандарды түсірмейді?
9 жастағы қыз бен 35 жастағы ер адамның үйлену тойының бейнесі тарады
Nokia бренді смартфондар нарығынан кетіп барады
Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін бе?
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Алматыда электр автобустары жаңа маршрутқа шығады
Қазақ боксындағы егіздер мен ағайындылар
«Ұзағынан болсын!»: үшінші рет үйленген Жаһан Отарғалиевке анасы батасын берді (ВИДЕО)
Астанада және 14 облыста дауылды ескерту жарияланды