Бала әл-ауқатына шағымданбады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 8:10-да Абай атындағы гимназияның бесінші сынып оқушысының басына мектеп сабағына дайындық кезінде мектеп шкафының сынған есігі құлап түсті. – Соққы орнында абразиялар мен көгерулер болған жоқ. Бала әл-ауқатына шағымданбады. Ол үнемі сынып жетекшісінің бақылауында болды, – делінген хабарламада. Сағат 11:14-те мектеп медибикесі ата-аналарға баланың жағдайы туралы хабарлады, кейінірек ата-атасы оны мектептен алып кетті. – Бала 2013 жылы туған. Сағат 12:20-да өз бетінше жедел медициналық жәрдем станциясына жүгінді. Баланың денсаулығына тексеру жүргізіліп, рентген түсірілді, – дейді станцияның баспасөз қызметі. Мидың шайқалуы байқалмайды, оң жақтағы самай аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі байқалады. Бала амбулаториялық негізде босатылды.