Ал Павлодарда пәтердегі өрттен 63 жастағы зейнеткер қаза тапты. Бір бөлмелі үйдің ішіндегі жиһаздар толықтай жанып кетті. Құтқарушылар үй иесінің күйген денесін пәтерді барлау кезінде тапқан. Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына сөндірілмеген шылым тұқылы себеп болуы мүмкін. Ал екінші үйдегі өрттен 30-дан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жаудан пәтер иесін күйік шалған. Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көп қабатты үйдің екінші қабатында бір бөлмелі пәтерде жалпы ауданы 10 шаршы метр құрайтын өрт орын алып жатты. Өрт орнынан 1996 жылы туған ер азамат құтқарылды. Өрт орнында өрт техника сараптама мамандары жұмысын жасауда. Қорытындысы бойынша тиісті процессуалды шешім қабылданады. Сондай-ақ, қаладағы жеке меншік үйлердің біріндегі гаражда өрт шығып, екі бірдей көлік толығымен өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Ал пәтердегі өрттен күйік шалған тұрғын ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады. Марат ҚАНЖЫҒАЛИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 11 қаңтар күні күйік бөліміне өрттен зардап шеккен науқас түсті. Денесінің 80 проценті күйген. Жағдайы өте ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қажетті ем-дом жасалуда. Ө. Қуанар