Павлодарда ірі көлемде металл ұрлаған кәсіпорын басшыларына сот үкімі шықты

Павлодарда ірі көлемде металл ұрлаған тұрғындарға сот үкімі шықты. Қылмыстық істі қалалық №2 соты қарады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Өткен жылдың тамыз айында қаладағы ЖШС-нің бірінің 33 жастағы учаске бастығы және сол кәсіпорынның 38 жастағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау техникасының бастығы пайдалануға жарамсыз және бөлшектелген 12 электр қозғалтқыш пен роторды ұрлаған. «Қолды болған маталдың жалпы құны 7,4 миллион теңгеден асады. Қара металл сынықтарының жалпы салмағы 79 145 келі. Бөлшектелген бөліктер ЖЭО-3 ашық алаңынан алынған.Олардың кәсіпорыннан кедергісіз шығуын «Күзет» ЖШС ҚФ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ қызметкерлері қамтамасыз еткені тергеу барысында белгілі болды. Сонымен қатар кінәлілер матал сынықтарын бірнеше күн бойы серіктестік аумағынан шығарып келген», - делінген хабарламада.Сотта учаске бастығы кінәні ішінара, тек төрт эпизод бойынша мойындады. Ол өз ісіне өкінетінін әрі асырауында жас балалары барын ескере отырып, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Оның айтуынша, ол ұрланған сынықтардың салмағы оларға жүктелгеннен әлдеқайда аз болған. Істің екінші қатысушысы ұрлықтың тек бір ғана фактісін мойындады. «Екі адам да аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мұғалімдердің жалақысы қалай өсті?
Жаңбыр, қар жауады: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қанша сыйақы беріледі?
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
Қазақстанда 16 мыңнан астам адам артық салмақтан зардап шегеді
Республикалық олимпиадаларда ауыл оқушыларының жүлделі орын алуы 10 есеге жуық артты
Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионатта жеңіске жетті
Алматы жетім балалар мен осал санаттарға әлеуметтік тұрғын үйдің 20% - ын береді
Елдегі мұғалімдердің жартысы 581 мың теңге жалақы алады
Сайлауға азаматтардың 9% қатысты
Астанада автобус жүк көлігіне соғылып, жолаушылар жарақат алды (ФОТО)
Жаңбыр, қар жауады: алдағы күндерге ауа райы болжамы қандай
Ардагерлер азайып бара жатыр...
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды
Тарихи рекорд: Алматы хайуанаттар бағына 1 миллионнан астам адам келді
«Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының рәсімі қалай ұйымдастырылады
"Бала терезені аша алмаған". Бүтін бір отбасы мерт болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Мектепке тиесілі жердің бір бөлігі үй салуға берілген
Ұйқыны қалай азайтуға болады?
«Жүрегімді қатайтып, көңілімді құлыптамашы»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентерлік жазба арнады
Ақтау әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 млрд теңге жұмсамақ
Динара Құлыбаеваға тиесілі Қазақстан-Британ техникалық университеті мемлекет меншігіне қайтарылды
Украина премьер-министрі: АҚШ-тың көмегі тоқтаған жоқ
Арғын Нығматулинге тағылған айып белгілі болды