Павлодарда сайлау күні 3 бала дүниеге келді. Перзетханада жатқан аналар да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Оларға сайлау жәшігі арнайы жеткізіліп, 70 ана дауыс берді. Ал облыс орталығында ауруханаларда 100-ден астам науқас жатыр. Олар Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада орналасқан 46 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.«Денсаулығыма байланысты қазіргі таңда ауруханада жатып, дауыс бердім. Ел болашағы үшін, ана болғаным үшін өз дауысымды бердім», - дейді Арайлым СҮЛЕЙОВА.