Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 14 жастағы қыз көз жұмды.Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 15 қыркүйек күні сағат 21:30-да биіктіктен құлау туралы хабар келіп түскен. «Медициналық топ бірінші жеделдік санаты бойынша жолданды. Фельдшерлер үш минутта жетті»,– деді станциядан. Оқиға Горький көшесінде орналасқан он қабатты үйде болған.