Павлодар полициясы студентке сабақ үстінде қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғады.«29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен. Барлық іс материалдары сотқа жіберілді. Бұдан бөлек, колледж басшысына қатысты материал кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді полицияға хабарламағаны үшін білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департамент - уәкілетті органға жіберілді.