Павлодарда тасқыннан зардап шеккен Жалаулы ауылында 5 үй салынып жатыр. Қазір екі үйдің қабырғасы тұрғызылды. Енді тек шатыры мен ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Ал қалған 3 үйдің іргетасы қаланды. Құрылысшылар алдағы 2 жарым айда үйлерді толық пайдалануға береміз - деп жоспарлап отыр. Құрылыс барысымен халық қалаулылары да танысты Серік Ахметов - Жалаулы ауылының байырғы тұрғыны. Осы елде туып, өсіп өнген. Тосынан келген тасқын су баспанасын жарамсыз қылып кетті. Алайда, үйсіз қалған жоқ. Оған ауылдың дәл ортасынан 4 бөлмелі жаңа үй салынып жатыр. Серік АХМЕТОВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне, бір үй бітті. Екінші үй бітеді амандық болса, үшінші үйді ертең уже бастайды. Жақсы барлығы көңіліміз тояды. +Кімнің басына келмейтін нәрсе. Су деген тілсіз жау ғой. Үй салынып жатыр. жігіттерге рахмет! Жақсы салып жатыр. Құрылысшылар екі аптаның ішінде 2 үй тұрғызған. Енді шатыры мен ішкі әрлеу жұмыстары қалды. Қазір 3 үйдің іргетасы қаланып жатыр. Бағұстар ШАЙМҰРАТ, ҚҰРЫЛЫСШЫ: Негізі құрылыс жұмыстарын 3 айға жоспарлағанбыз. Бірақ, мүмкіндігінше, одан бұрын тапсырсақ деп отырмыз. Өйткені, баспанасыз қалған кісілерге де оңай болмайтынын түсінеміз. Сол себепті барынша үйді жылдам әрі сапалы салуға тырысып жатырмыз. Құрылыс жұмыстарымен облыстық мәслихат депутаттары танысты. Олардың үйдің сапалы салынуына бақылау жасайтын болады. Асылбек ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУАТЫ, « AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қазір жұмыс қарқынына қарап, жұмыстың мерзімінен бұрын аяқталатынын және сапалы жасалып жатқанынын көріп отырмыз. Тұрғындар үйдің ішкі жобалауын өздеріне қажет өздеріне ыңғайлы түрде өздері жобалаған. Сыртқы типтері бірдей. Бұрынғы қорасы, үй жайы өздеріне қалдырылады. Ауыл тұрғындары дән разы. Жалаулы ауылында тасқыннан 14 үйге зақым келді. Үйлеріне су кірген 9 үйдің иелеріне 3 млн.-нан бастап 6 млн. теңге көлемінде өтемақы берілді. Олар да қазір баспаналарын қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр.