Павлодарда тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арналған үйлердің құрылысы аяқталуға жақын

Павлодарда тасқыннан зардап шеккен отбасыларға арналған үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Жұмыстың 90 пайызы біткен. Енді тек ішкі әрлеу жұмыстары ғана қалды. Маусым айының аяғында қолданысқа берілмек. Ақтоғай ауданындағы Жалаулы ауылы тасқыннан ең көп зардап шеккен елдімекен. Ауылдағы 14 үй су астында қалды. Оның бесеуі тұруға жарамсыз болды. Сол себептен де 5 үй салуға шешім қабылданды. Мархабат СМАТАЕВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Судан зардап шеккен жанұяның біреуіміз. Жолдасымның үйінде тұрып жатырмыз. Көріп тұрамыз. Қадағалап отырамыз. Жақсы істелініп жатыр. Жақсы Әр баспананың ауданы 78 шаршы метрді құрайды. Үйдің еңсесі биік. Қабырғасы кірпіштен қаланған. Қыста жылы болуы үшін қажетті материалдармен қапталынады. 3 бөлмелі баспанада қажеттінің бәрі жасалынбақ. Жылыту жүйесіне ұзақ жанатын пештер қойылады. Асайын БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:Құрылыс жұмыстары кестеден 20 күнге ерте жүріп келе жатыр. Шілде айында аяқтаймыз - деп ойлағанбыз. Мердігер маусым айының аяғында аяқтауы мүмкін. Маусым аяғының басында немесе шілде айының басында беруді көздеп отырмыз. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір жұмыстың 90 пайызы аяқталған. Тек ішкі әрлеу жұмыстары қалды. Ал жарамсыз болып қалған баспаналарын үй иелері бұзып алып кетуіне болады. Бірақ, бұл жерге қайтадан үй салуға тыйым салынған. Өйткені, тасқын қауіпі жоғары аумақ болып саналады. Ал ауылда тасқын қайталанбауы үшін сыйымдылығы 200 мың текше метр су сыятын 3 қазан шұңқыр дайындалып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан