Павлодарда тергеу изоляторында отырған 181 күдікті дауыс берді

Тергеу изоляторында отырған күдіктілер де өз таңдауын жасауға құқылы. Павлодарда 63 тергеу мекемесінде 181 сайлаушы бар. Оның барлығы таңғы 10-ға дейін өз дауыстарын беріп үлгерді. Қазір сайлау комиссиясы дауыстарды санауға кірісті. Әріптесім Өзгеріс Қуанар толығырақ айтады.Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Павлодардағы тергеу изоляторында 181 күдікті бар. Олар да сайлау науқанынан тыс қалған жоқ. Осында орналасқан 120 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жабық мекемеде болғандықтан, мұндағы тәртіп қатал. Сайлаушыларды арнайы күзетпен әкелді. Ал сайлау учаскесіне бір-бірден ғана кіруге рұқсат. Жәнібек, САЙЛАУШЫ: Мен бостандықта болмағаныма қарамастан, сайлау құқығымды пайдаланып, дауыс беруге келіп отырмын. Себебі әр дауыстың маңыздылығы өте зор деп ойлаймын. Бұл сайлау учаскесінің басқа жердегі сайлау учаскесінен еш айырмашылығы жоқ. Мен өз дауысымды біздің елдің болашағы үшін бердім. Тергеу изоляторында отырғандардың басым көпшілігі – жастар. Олар түрлі қылмыс бойынша күдікке ілінген. Арасында 22 әйел адам бар. Арқалық КАРИБОЛДАНОВ, 63 ТЕРГЕУ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жабық учаске болғандықтан, таңғы 7-ден бастап қабылдай бастадық сайлайтындарды. Осы уақытқа дейін уже бітірдік бәрін. Біздің комиссия мүшелері сол бюллетенді санауға кірісті. Павлодар облысында дауыс беруге құқылы 512 мыңнан астам сайлаушы бар. Өңірде ауа райы күрт бұзылды. Қар жауып, көктайғақ болуда. Десе де, оған қарамастан, сайлаушылар дауыс беруге белсенді түрде келіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Тамаша» туралы тамаша тарту
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды
Марк Цукерберг жаңадан сайланған президенттің инаугурациясына 1 миллион доллар берді
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті
Сөмкенің бағасына пәтер алуға болады: Перизат Қайраттың гардеробына шолу
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (видео)
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды