Уланған тұрғындардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі сальмонеллез инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Белгілі болғандай, уланғандардың барлығы өнімді бір жерден сатып алған. Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары улану фактісі бойынша құймақ сатылған сауда нүктесін тексеріп шыққандарын, бірқатар заңбұзушылық тіркелгенін мәлімдеді.Павлодар қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәлімдеуінше, құймақтан улану фактісі бойынша 4 адамның шағымы тіркелді. Тұтынушылардың барлығы өнімді Академик Шөкин көшесі, 100/1 мекенжайында орналасқан сауда нүктесінен сатып алған.Олардың екеуінен сальмонеллез жұқпасы анықталып, ауруханаға жатқызылған. Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аталған оқиға бойынша өз құзырет шегінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. «Eco bazaar» сауда үйінің аталған өнім түрлері сатылатын нүктесі тексеріліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлік нысанындағы сапаны бақылайтын маманға қатысты әкімшілік шара қабылданып, кемшіліктерді тез арада жою туралы ұйғарым берілді, - делінген хабарламада.Қазіргі уақытта аталған өнім түрі сатылымнан алынып тасталған.