Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды.Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Павлодарда қала ішінде жүретін автобус жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, жол ортасындағы трамвай желісінің бағанына соғылды."Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.