Павлодарда «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт» атты диалогтық алаң ашылды. Бұл «AMANAT» партиясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының бірлесіп жұмыс істеу туралы меморандумы аясында жүзеге асты. Мақсаты елімізде тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүру қағидасын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Жиында қатысушылар ұлттың тұтастығын сақтау жолында атқарылуы тиіс жұмыстар талқыланды.Салтанат ӘУБӘКІРОВА, ОҚЫТУШЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бүкіл Қазақстанда медиация мәселесі үлкен рөл атқарады. Медиатор деген кім? Егер келеңсіз жағдай болып қалса жастар арасында жас отбасылар арасында тағы басқа әлеуметтік, экономикалық мәселер арасында келеңсіз жағдайлар болған жағдай медиатор өз қызметін жүзеге асырады.