Павлодарда туыстарын пәтер алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Павлодарлық жас "кезектен тыс пәтер алып бере аламын" деп туыстарын алдап, олардың 7 млн теңгесін иеленген, - деп хабарлайды Астана телеарнасы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 2022 жылдың қаңтарында туысымен сөйлескен 27 жастағы павлодарлық "әкімдік арқылы тұрғын үй мәселесін шеше алатынын", кезектен тыс баспана сатып алуға көмектесе алатынын айтқан. Туысқан әпкелері ақшаны депозиттерінен шешіп алып, жетпеген соманы қарызға алған. Оған қоса алтын бұйымдарын да ломбардқа өткізген. "Олардың бірі күдіктіге 2,5 миллион теңге, екіншісі 4,5 миллион теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін, ер адам уақытты соза түсу үшін әртүрлі сылтаулар ойлап таба бастайды. 6 айдан кейін ол туысының біріне 250 мың теңге қайтарып береді. Қалған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған", - делінген хабарламада. Біраз уақыттан кейін туыстары алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген. ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Қазақстан чемпионаты: финалға өткен боксшылар белгілі болды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?