Павлодарда ұмыт болған ұршық қайта жаңғырды

Ұмыт болған ұршық қайта жаңғырды. Павлодарда алғаш рет ұршықшылар фестивалі өтті. Оған 35 қолөнер шебері қатысып, ұршық иірудің қыр сырын көрсетті. Қазір бұл ұмытылып барады. Бұрынғыдай ұршықпен жүн иіру жоқтың қасы. Ұйымдастырушылар қазақтың осы дәстүрін қайта жаңғыртуды мақсат еткен. Алтынай СЕСЕРХАН, ҰРШЫҚШЫ: Жалпы ұршықтан иіріп, бұрынғы апаларымыз сырмақ жасаған. Енді үлкендердің жолын жалғап, кішкентай кезімізде үйренген ұршықты қайта жаңғыртайық деп келіп тұрмын. Қазіргі уақытта үйде енеммен бірге тұрам. Енеміз сырмақ жасайды. Ұршықпен жіп иіріп, қолөнермен айналысады. Сол кісіге көмектесіп, анда-санда істеп тұрамыз. Ұршық - ғасырлар бойы қазақ әйелдері қолданған қолөнер құралы. Онымен қойдың жүнін иіріп, жіп жасау арқылы тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаған. Тіпті, осы ұршықпен бір отбасын да асыраған кездер де болыпты. Жаңыл ТІЛЕУБЕКҚЫЗЫ, ҰРШЫҚШЫ: 90 жылдары тоқырау кезінде осы жіпті иіріп, нан тапқан күндеріміз болды. Нәски, биялай, сәлі, жемпірге дейін тоқып, соны сатып шешеме көмектесіп, үлкен семьядан шықққанбыз. Сол семьямызға нан тапқан күніміз болды. Өзім ұршықты қадірлеймін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Каспий итбалығы неге қырылып жатыр?
Оңайгүл Тұржан, ақын: Ол өлеңдерін жаттап алуға «мәжбүрлейді»
«Қызылжар» футбол клубының басшылары миллиондаған ақшаны қалтасына басқан
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
«Құжатым жоқ, мектепке бара алмаймын»: Желіде базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Жетісу облысында пробациялық бақылаудағы азамат кәсіп ашты
Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолы
Мектеп оқушысының әкесі балалар арасындағы жанжалға араласқан: полиция іс қозғады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Астанада балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау ашылады
Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай