Телеарнамызға көмек сұрап хабарласатындар өте көп. Бұл жолы Павлодарда үйінің жанынан шеберхана салып, басы дауға қалған тұрғын шағымын айтты. 20 жылдан астам уақыт бос жатқан жердің аяқ астынан иесі табылған. Ал қария жерді заңды түрде алғанын айтады. Қолында тиісті құжаттары да бар. Алайда, сот жерді қайтару туралы шешім шығарған. Мән-жайды аймақтағы тілшіміз білді.Қуандық Баязиттің бұл шеберхананы салғанына 20 жылдан асқан. Осы кезге дейін жерін іздеп келген ешкім болмапты. Бірақ, осыдан 1 жыл бұрын жердің бұрынғы иесі табылған. Ол қолында заңды құжаты барын айтып, жерді босатуын сұрапты. Ал әкімдік бұл жерді 2002 жылы бос жатқан жерлер тізіміне енгізген. Қуандық БАЯЗИТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жердің иесін іздейміз деп сөйдеді. Сосын жердің иесі табылмады. Біз бұны иесі жоқ - деп танимыз. Бос жатқан жер деп. Біз келгенде үй жоқ болды. Біз ол үйді бұзған сияқты солай айтады. Біз жынды емеспіз ғой. Мусор шығардық болды жанып кеткен. 15 жыл бос жатқан. Жер комитеті берді бізге солай. Ақсақал жерді беруден бас тартқан. Шешім шығарған әкімдікті жердің бұрынғы иесі сотқа берген. Сот әкімдіктің 2001 жылы шығарған қаулысын заңсыз - деп таныды. Агидель ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық соты 2022 жылдың 12 қыркүйегіндегі шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот аппелациялық шағым түсірушілердің арызын қанағаттандырмады. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ. Қалалық әкімдік жоғары сотқа шағым түсірген. Әзірге нақты шешім шыққан жоқ. Ал жердің бұрынғы иесі бізге сұхбат беруден бас тартты. Ол сот шешімі шықпай пікір білдіре алмайтынын айтты.