Павлодарға экологиялық қауіп төніп тұр

Павлодарға экологиялық қауіп төніп тұр. Биыл өңірдегі шабындық алқаптар құрғап қалуы мүмкін. Себебі, Ертіс өзеніне су қоймаларынан құйылатын тіршілік нәрі мөлшері тым төмендеп кеткен. Алқаптардың аңқасы кеуіп тұр. Төрт түлікке қарап отырған ауылдағы ағайынға қиындық туғызды. Егер шабындық көктемей қалса, тұрғындар қысқы мал азығын дайындай алмай қалуы мүмкін.Ертіс өзенін бойлай орналасқан елді-мекен тұрғындары осы өзен суымен жан бағып отыр. Себебі, жайылмаға жайылған судан ауыл тұрғындары төрт түлігіне қысқы мал азығын дайындайды. Егер шабындыққа су жетпей қалса, жағдай қиындай түспек. Онда тек мал ғана емес балық шаруашылығы да зардап шегеді. Жарқын ҚАБДОЛОВ, ИХТИОЛОГ: Таяз су болмаған соң, балықтар табиғи жолмен уылдырық шаша алмайды. Ал, уылдырық шашқан күннің өзінде оның шабаққа айналып өсіп өнуіне қиындық туындайды. Содан болып «Ертіс» өзенінде балықтар азайып кетуі мүмкін. Аталған мәселеге байланысты Парламент депутаттары да алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар мәселені шұғыл арада шешу керектігін айтып, экология министріне депутаттық сауал жолдады. Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Бұл біздің экожүйені экологиялық жүйені бұзуға да алып келуі мүмкін. Өйткені, тез арада «Бұқтырмадан» жіберетін «Шүлбіден» жіберетін судың көлемін 3 мың жарым меер кубқа дейін арттыру керек секундына. Бұл бірнеше күн осылай ұстап тұрған жағдайда, қажетті су мөлшерімен біздің жайылымдық даланы қамтамасыз ете алады. Ертіс өзеніне су жіберу жұмыстары 16 сәуірде басталған. Алайда, Шығыс Қазақстан облысында күн райының күрт суытуына байланысты кестеден кешігуде. Әйгерім ҚАБЫЛТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ, ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз гидрографты күн сайын аламыз. Қазірдің өзінде оң динамика бар. Бұл бізге «Шүлбі» су қоймасы бүйірлік ағын көлемінің оң өзгерісін ескере отырып, кестені жеделдетуге мүмкіндік беретін болады. Алынбаған көлем Өскемен және Бұқтырма су қоймаларынан төгінділер ұлғайту есебінен өтелетін болады. Мамандар жайылманың 70 проценті сумен қамтылады - деп сендірді. Қазіргі уақытта 14 гидробекет жұмыс істеуде. Бұл су деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
UFC мен WWE кәсіби бокс лигасын құрмақ
85 жасқа қараған шағында қазақтың ұлы жазушысы өмірден озды
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда