Павлодарда «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен несие алған фермерлер сан соғып қалды. Олар Еуропадан асыл тұқымды мал аламыз деп миллиондаған қаражаттарын жеткізіп беруші операторға аударған. Содан бері 2 жыл өтсе де, не мал, не ақша жоқ. Амалы таусылған шаруалар сотқа да жүгінген. Алайда одан да нәтиже шықпапты. Ал кредитті уақытылы қайтармаған шаруаларды несие серіктестігі сотқа берген. Тараптардың тартысын әріптесім тыңдады.Баянауылдық фермер Теміржан Қишев «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 85 млн. теңге несие алған. Шарт бойынша ол Германиядан 100 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуы керек болған. Сол себепті қомақты қаражатты бірден Қостанайдағы мал жеткізуші операторға аударыпты. Ал оны өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған. 2 жылдан астам уақыт өтсе де, не ақша, не мал жоқ. Теміржан ҚИШЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Баянауылда сот болды. Аграрный кредитный корпорация 85 млн. ақша алғанмын. Соны қайыр деп жатыр. Оны мал келген жоқ. Біз қалай қайырамыз ақшаны. Бізге оператор тауып берген, зам аким Өтешов Мейрам Олжабайұлы. Сол операторлар договорға отырған екен облыс зам акимы. Сосын операторды сотқа бер деді. Бердік. 2 соттан да жеңіп алдық. Решение бәрі шықты. Олар қазір төлемейді. «Сыбағадан» сыбағасын ала алмай жүргендер жалғыз емес. Павлодар облысында 11 шаруа қожалық дәл осылай сан соғып қалыпты. Ақтоғайлық фермер Талғат Бейсенбаев та несиеге алған 42 млн. теңгесінен айырылды. Талғат БЕЙСЕНБАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Барлығын үйге дейін әкеліп береміз. Барлығын қадағалаймыз. Бәрін өзіміз жасаймыз. Сендер аламыз десеңдер болды деп айтты. Енді бүгінгі күнге ешқандай көмек жоқ. Біз қарызымызбен мына кредитный товарищество екеуміз қалып тұрмыз. Кредитный товарищество бізді сотқа беріп жатыр. До срочно погачения жасаңдар деп. Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы болса, біздің еш қатысымыз жоқ деп бастарын ала қашты. Айтуынша, мал жеткізуші операторды өздері таңдаған дейді. Ал ақшаны алған оператор қазір банкрот болыпты. Сол себепті фермерлердің қаражаты қайтпаған. Төлеген КӨШЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазіргі күні агронесие серіктестігі фермерлерге тек негізгі қарызды ғана қайтару туралы ұсыныс жасап отыр. Өйткені бұл несие болғандықтан, оның өсімпұлы бар. Серіктестік шаруалардан тек алған қарызды ғана қайтару арқылы көмек көрсетпек. Енді шаруаларға несиені өтеуден басқа жол қалмаған. «Сыбаға»-дан сыбаға алғысы келгендер алаяқтың құрбанына айналды.