Павлодарлық көпбалалы әйел ретінде тіркеліп 14 жылдан бері заңсыз зейнетақы алып келген

Павлодар облысының тұрғыны 10 жылдан астам көпбалалы ана ретінде жалған құжаттар ұсынып, заңсыз зейнетақы төлемдерін алып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз алынған зейнетақы сомасын өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінді. Іс әйелдің бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдануы нәтижесінде туындаған, ол талап арызды ішінара қанағаттандырған. Азамат С.-ның 2013 жылдың қыркүйек айында зейнеткерлік жасқа (58 жас) жеткені анықталды. Алайда 2009 жылдың шілде айынан бастап ол көпбалалы ана болмаса да заңсыз зейнетақы төлемдерін алған. "Ол бюджет қаражатынан 3 324 306 теңге заңсыз алған, оның 804 028 теңгесі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімі негізінде атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мәжбүрлеп өндіріп алу жолымен өтелген және кейіннен сот шешімі жойылған", – делінген хабарламада. Еңбек министрлігі көп балалы ана ретінде әйелдің зейнетақы тағайындау кезінде ұсынған жалған құжаттары салдарынан заңсыз алған зейнетақысын өндіріп алу туралы сотқа шағым түсірді. Апелляциялық шағымда жауапкер сот шешімінің күшін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. "Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 2013 жылғы 21 маусымдағы өзгертулерімен 18-бабының 2-тармағына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі”, – делінген хабарламада. Әйел жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау құқығын 2019 жылдың маусым айында ғана рәсімдеген. Сондықтан ол белгіленген мерзімге дейін алған қаражатын қайтаруы тиіс. "Жауапкер 2013 жылы зейнет жасына толғандықтан, сол сәттен бастап зейнетақы төлемдерін алуға құқылы деген шағымның дәлелі негізсіз, өйткені зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа жеткенде автоматты түрде тағайындалмайды", – делінген хабарламада. Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шешімді өзгеріссіз қалдырды, ал жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Алқаның қаулысы күшіне енді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидияны қалай алуға болады?
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
Тұман, көктайғақ, жел: 26 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Он қалада ауа ластанады
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды