Павлодарлық шаруалар алданып қалды

Павлодарда «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен несие алған фермерлер сан соғып қалды. Олар Еуропадан асыл тұқымды сиыр аламыз - деп миллиондаған қаражаттарын мал жеткізіп беруші операторға аударған. Содан бері 3 жыл өтсе де, не мал, не ақша жоқ. Ал несиені өтемеген шаруалардың дүние мүлкі тәркіленіп жатыр. Амалы таусылған фермерлер арнамыздан араша сұрады. Теміржан Киішев – «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 85 млн. теңге несие алған. Оған Ирландиядан бас асыл тұқымды сиыр алмақшы болыпты. Әкімдіктің айтуымен қомақты қаражатты Қостанайдағы мал жеткізуші операторға аударған. Теміржан КИІШЕВ, ШАРУА: Қазіргі жағдайым өте нашар болып тұр. Уже міне, төртінші ай шотымды түгел бұғаттап тастатады. Қара малды тапсыруға анықтам справка бермейді. Машинамды Павлодарға стоянкаға қойды. Жұмыскерлерге еңбек беруге ақша жоқ. Мынау солярка алайық десек ақша жоқ. Шөп алынған жоқ. Келіп жатар. Алайық десек ақша жоқ. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: 100 бас сиырға шаруа дәл осындай үлкен қора салған. Бұған 20 млн теңге жұмсапты. Алайда, 3 жылдан бері қаңырап бос тұр.  «Сыбағадан» сыбағасын ала алмай жүргендер көп. Өңірде 11 шаруа қожалық дәл осылай алданып қалған. Талғат БЕЙСЕНБАЕВ, ШАРУА: Бұл компанияны бізге акимат тауып берген. Акимат тауып бергеннен кейін бізде ешқандай күмән болмады. Сендік. Сол компаниядан мал алатын болып, кредит алдық. Мен өзі басым 42 млн. 500 мың теңге ақша алдым. Сразу соның шоттарына аудардым Агрогенектикстің. Содан осы күнге дейін не ақша жоқ. Шаруалар сотта жеңіп шыққанмен нәтиже болмапты. Қостанайлық оператор банкрот деп танылған. Ал заң бойынша банкрот болған серіктестікке ешқандай жауапгершілік қарастырылмапты. Кенжебек МҮРСӘЛІМҰЛЫ, ШАРУА: Бұл жерде ауыл шаруашылығы министрлігі өзі гарант болуы керек еді. Малды әкеліп беруіне түгеліне көмектесу керек еді. Бұл жалғыз шаруа қожалықтың басына іліп қойған проблема ғой. Сондықтан әр бағдарламаны шығарарда сол министрлік ойланып шығару керек. Мына жерде кәдімгідей ауыл шаруашылығының қате бағдарламасы. Ал несие берген ұйым өкілдері шаруаларға қарызды жабуға көмектесе алмайтындарын жеткізді. Тек тығырыққа тірелген фермерге ғана несиесін 1 жылдан кейін өтеуге уақыт бермек. Асхат ЖҰМАБАЕВ, НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Облыс бізден қарызын алмаймыз деп тұр. Біз қарызды шаруа қожалықтан ала алмаймыз. Мұнда бізде 184 адам бар мүшелікте. Каждый адамның ақшасы осы мүшеліктің шотында жатыр. Оны қазір КТ-ның доходымен жабатын болсақ, оған кім кепіл береді. Ертең басқа бір шаруа қожалық келіп айтуы мүмкін. Шаруалар ақшаны алған қостанайлық оператордың жауапкершілікке тартылуын сұрайды. Болмаса жоғары жаққа шағымдануға бекініп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері