Павлодарлықтар аптап ыстықта тасаттық беріп, құрбан шалды

Қуаңшылық пен құрғақшылықтан қауіптенген Кереку жұрты жаппай тасаттық беріп жатыр. Бұған дейін өңірдің бірқатар аудандарында Алладан жәрдем сұралса, бүгін облыс орталығындағы "Құлагер" ипподромында құрбандық шалынды, деп жазады Massaget.kzҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі Жолдас қажы Қоспақұлы бас болып тасаттық намазы оқылды. Тасаттық намазына күннің ыстығына қарамастан облыстың әр түкпірінен бірқауым жамағат жиналды. Құран бағышталып, Алладан жаңбыр тіледі. Бұдан кейін Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте ас берілді."Мал санын азайтып жатырмыз. Өйткені, жайылым жоқ, шөп жоқ. Тоғайға су шыққан жоқ. Шаруалар осындай қиындық көріп жатыр. Тіпті, 600 ешкіні арзан бағаға сатып жатырмыз. Айтудың өзі ұят", - дейді шаруа қожалық басшысы Гүлзира Қазылова.Жаз басталғалы бері Павлодар өңірінде күн күйіп тұр. Ауа температурасы соңғы тәуліктерде +40-қа дейін жетті. Аспаннан тамшы тамбаған соң даланың шөбі күйіп кетті. Биыл Ертіс өзені де шабындықтарға толық жайылмады. Сол себепті, өзенді жағалай қонған шаруалар күзде шөптен тарығамыз ба деп қауіптенеді. Тіпті, құрғақшылықтан қорқып мал басын азайтып жатқандар да жоқ емес.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмектесті
Тасқын алдындағы Атырау
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегі кіммен және қашан өтеді
Қызылорда облысында 16 ауыл интернетсіз отыр
Алматыда тағы да жер сілкінді
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды