Павлодарлықтар наурызды ауыл-ауыл болып тойлап жатыр

Павлодарлықтар наурызды ауыл-ауыл болып тойлап жатыр. Қаладағы 19 шағын ауданда мерекелік атмосфера сезіледі. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Өңірдегі тілшіміз Өзгеріс Қуанар мерекелік көңіл күйді жеткізеді. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Наурызды павлодарлықтар ерекше сән салтанатпен атап өтіп жатыр. Шағын аудандарда осындай ақ шаңқай киіз үйлер тігілген. Мұнда қазақтың ұлттық салт дәстүрімен танысуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар да ұйымдастырылған. Биылғы наурыздың ерекшелігі мерекені ауыл ауылға бөлініп тойлауда болып отыр. Қаладағы 19 шағын ауданда мерекелік атмосфера сезіледі. Ұлттық ойындар ойналып, қазақша күрестен палуандар сынға түсті. Тілек ҚАУСЕЛҰЛЫ, ПАЛУАН: Осы мерекеге Майқайың кентінен Керегетас зауытынан келіп отырмыз. Жалпы бәрі жақсы өтуде. Күрес түрінен келіп қатысып жатырмыз. Асық, қошқар көтеру, ұлттық ойындарды насихаттап соған қатыссақ деген ниетіміз бар. Қыстан қысылып шыққан жұртқа бүгінгі ауа райы да тамаша көңіл күй сыйлағандай. Күн шығып, жадырап, сала берді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Наурыз мейрамы құты болсын! Әрқашанда осындай жақсылық әкелсін. Келесі жылда осындай ашық күн болсын! - Көңіл күйіміз өте жақсы. Наурыз тойлау өте ұнайды. Біз жанұямызбен мерекені көруге келдік. Бәрі ұнап жатыр. Қазақстан тек жаңара берсін! Тек жақсылық болсын! Наурыз құтты болсын!Наурызға арналған негізгі іс шаралар легі ертең орталық алаңда өтеді. Этно қалашықта тұрғындар киіз үйдегі көрмелерді тамашалап, алтыбақан тебуге мүмкіндік бар. Ұлттық ойындардан бөлек қазақ батырларының шеруі де ұйымдастырылатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Экология министрлігі цирктерде жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салмақ
Мұра да емес, меншік те емес: Қазақстанда міндетті зейнетақы жарнасының көлемі өсті
Скриптониттің концертінен дау шықты: бір әйелдің бетіне бөтелке тиіп кеткен (ВИДЕО)
Ауа райына байланысты екі қаланың оқушылары қашықтан білім алады
Сербиядан аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттауы мүмкін
Мемлекет басшысы Асхат Хасеновті қабылдады
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қар тазалауға көліктер кедергі келтіруде
Мобильді аударымдарға қатысты қандай өзгерістер енгізілді?
Бишімбаев ісінде Тахир Халимназаровқа ақша ұсынылғаны рас па?
Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер
Павлодарда көлігін қыздырмақ болған әйел адамға ірі көлемде айыппұл салынды